8 қыркүйек күні 10-сыныпта «Қазақстан тәуелсіздігінің қаһармандары: әскери және азаматтық ерлік» тақырыбында Ерлік сабағы өтті.

Іс-шара салтанатты сапқа тұрудан және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.
? Сабақтың мақсаты — оқушылардың бойында патриоттық сезім, азаматтық жауапкершілік қалыптастыру, Қазақстанның батырлары мен ел тәуелсіздігінің маңызын терең түсіндіру.

Сабақ барысында оқушылар ерлік, батылдық, патриотизм ұғымдарын талқылап, әскери және азаматтық ерліктің үлгілерімен танысты.

❤️ Оқушылар шынайы патриотизм тек ерлік жасаумен ғана емес, адал еңбекпен, жауапкершілікпен, белсенді азаматтық ұстаныммен және Отанға қызмет етумен көрінетінін түсінді.

Источник дополнительной информации