Іс-шара салтанатты сапқа тұрудан және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.
? Сабақтың мақсаты — оқушылардың бойында патриоттық сезім, азаматтық жауапкершілік қалыптастыру, Қазақстанның батырлары мен ел тәуелсіздігінің маңызын терең түсіндіру.
Сабақ барысында оқушылар ерлік, батылдық, патриотизм ұғымдарын талқылап, әскери және азаматтық ерліктің үлгілерімен танысты.
❤️ Оқушылар шынайы патриотизм тек ерлік жасаумен ғана емес, адал еңбекпен, жауапкершілікпен, белсенді азаматтық ұстаныммен және Отанға қызмет етумен көрінетінін түсінді.
