АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ«ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ ПЕДАГОГІ– 2026» АНЫҚТАЛДЫ

Ақтөбе облысы бойынша «Үздік дене шынықтыру пәнінің педагогі – 2026» республикалық байқауының қорытындысы бойынша облыстық кезеңде БАС ЖҮЛДЕ,  республикалық кезеңде «Креативті педагог» номинациясы және 100 000 теңгелік сертификатпен марапатталған Қарғалы ауданы, №1 Бадамша орта мектебінің дене шынықтыру пәні педагогі, Шибаев Айдын Сейткалиевичті жеңісімен құттықтаймыз! Айдын Сейткалиевич өзінің кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін және педагогикалық тәжірибесін жоғары деңгейде көрсетіп, облыс және республикалық кезеңнің үздігі атанды. Ауданымыздың абыройын асқақтатып, оқушылардың сүйікті мұғалімі, еңбекқор жетекшісі атанып жүрген Айдын Сейткалиевичті айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Источник дополнительной информации