ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 28 қазанда Ақтөбе қаласындағы №30 орта мектеп базасында «Развитие интереса к предметам через стратегию критического мышления» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберхананың алғашқы отырысы өтті.Шығармашылық шеберхананың жетекшісі – №1 Бадамша орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ковальчук Ольга Викторовна.Іс-шараның мақсаты – бастауыш сыныптарда жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда сыни ойлауды дамыту құралдарын тәжірибе жүзінде меңгеру. Отырыс барысында қатысушылар педагогтердің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық құжаттармен, сыни ойлауды дамыту стратегиялары мен әдіс-тәсілдерімен танысты. Практикалық бөлімде топтық жұмыс ұйымдастырылып, сыни ойлау стратегиялары қолданылған қысқа мерзімді жоспар үлгісіне белгіленген критерийлер бойынша талдау жасалды. Кездесу соңында алғашқы отырыстың қорытындысы шығарылып, педагогтердің алдағы бірлескен жұмысының бағыттары айқындалды.

Источник дополнительной информации