2026 жылғы 14 қазан күні мектебімізде «Жас педагогтер мектебі» аясында жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Мурзагул Сахипкереевич Сагимбаев практикалық семинар өткізді. Семинар барысында оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды дұрыс құрастыру, ашық және жабық тапсырмалардың ерекшеліктері, оларды сабақ барысында тиімді қолдану жолдары қарастырылды. Жас педагогтер тапсырма құрастырудың негізгі талаптарымен танысып, оқушылардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі тапсырмалар әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты.


