«Эффективные приёмы и методы использования формативного оценивания на уроках»

2026 жылғы 8 қазан күні мектебімізде «Жас педагогтер мектебі» жұмысының жоспарына сәйкес биылғы оқу жылында педагогикалық ұжымымызға жаңадан қосылған және еңбек өтілі 3 жылға толмаған жас педагогтерге арналған «Эффективные приёмы и методы использования формативного оценивания на уроках» тақырыбында практикум ұйымдастырылды. Практикум барысында педагог-тәлімгер Роза Айтекеновна жас мамандарға сабақ барысында формативті бағалауды тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Қалыптастырушы бағалаудың оқушылардың оқу жетістіктерін арттырудағы маңызына тоқталып, тиімді кері байланыс беру, оқушылардың білім деңгейін анықтау және оқу үдерісін жетілдіру жолдары бойынша әдістемелік бағыт-бағдар берді. Жас педагогтер практикалық тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасып, күнделікті сабақ барысында қолдануға болатын тиімді әдістермен танысты.

Источник дополнительной информации