КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі» ММ «№1 Бадамша орта мектебі» КММ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген, 2026 жылғы 18 тамыздағы №222-НҚ және 2026 жылғы 19 тамыздағы №338 бірлескен бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес төмендегі бос лауазымдарға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

1. Химия пәнінің мұғалімі – 1 штат бірлігі (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптар үшін);

2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 0,75 штат бірлігі (қазақ және орыс тілдерінде);

3. Бастауыш сынып мұғалімі – 0,5 штат бірлігі (орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін);

4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 0,5 штат бірлігі (орыс тілінде оқытатын   сыныптар үшін);

5. Педагог-психолог – 1 штат бірлігі (қазақ және орыс тілдерінде);

6. Музыка пәнінің мұғалімі – 0,5 штат бірлігі (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптар үшін).

Конкурс жарияланған күні: 27 қазан 2026 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 28 қазаннан 5 қарашаға дейін (қоса алғанда).

Құжаттарды қабылдау тәртібі: конкурсқа қатысу үшін өтініш пен қажетті құжаттар «Педагогті жұмысқа қабылдау»  (https://hr.nobd.edu.kz/) модулі арқылы электрондық түрде ұсынылады:

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес);

2. Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);

3. Біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың қосымшаларымен бірге көшірмелері;

4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

5. №075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

6. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының куәлігі (бар болған жағдайда), не «педагог» мәртебесін беру туралы бұйрық;

7. Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (Қағидалардың 12 немесе 13-қосымшасына сәйкес);

8. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыным хат (бар болған жағдайда).

Жеке басты куәландыратын құжат, білім туралы мәліметтер, психикалық денсаулық және наркологиялық динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы мен білім туралы құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметімен немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерімен куәландырылып, мөрмен расталады.

Білім беру ұйымының мекенжайы: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Пашаев көшесі, 2Г. Байланыс телефоны: 8 (71342) 7-20-51.

Электрондық пошта: badam-sh1@mail.kz

Мектептің ресми сайты: http://badam-sh1.edu.kz

Источник дополнительной информации