«Еңбек адамы – ел мақтанышы»

22 қыркүйекте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және еңбек апталығына орай 9-сынып оқушыларымен «Еңбек адамы – ел мақтанышы» тақырыбында әртүрлі мамандық иелерімен кездесу өтті.

Кездесуге дәрігер-неонатолог Нуредилова Дания Алмазовна, Қарғалы ауданы полиция бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Тастемиров Рустем Бауржанович, «Қазақтелеком» АҚ жетекші инженері Матюшин Александр Сергеевич, газ қызметінің өкілі Кужаков Дуйсен Бисенович және Қарғалы ауданы ТЖБ қызметкері Кужаков Тимур Бисенович қатысты.
Қонақтар өз мамандықтары, жұмыстың ерекшеліктері мен қиындықтары, жауапкершілігі туралы айтып берді. Оқушылар қызығушылық танытып, мамандарға сұрақтар қойып, белсенді қатысты. Кездесу оқушылардың түрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтіп, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар берді.

Источник дополнительной информации