2026 жылғы 23 қыркүйек күні, «Жас педагогтер мектебінің» жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Мурзагул Сахипкереевич Сагимбаев жас педагогтерге арналған семинар-практикум өткізді.
Семинар барысында ҚМЖ (қысқа мерзімді жоспар) құрудың тиімді жолдары, сабақты дұрыс жоспарлау және ұйымдастыру, оқу мақсаттарын нақтылау, сабақ кезеңдерін жүйелі құру мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Практикалық бөлімде жас мамандар ҚМЖ құрастырудың негізгі талаптарымен танысып, сабақ құрылымын тиімді жоспарлау бойынша пайдалы әдістемелік кеңестер алды. Сонымен қатар, тәжірибеде кездесетін сұрақтар талқыланып, нақты ұсыныстар берілді.

