«Сыбайлас жемқорлықпен күресу — әрбір адамның борышы» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары арасында «Адалдық қабырғасы» акциясы ұйымдастырылды.
Мектептің фойесінде білім алушыларға іс-шара тақырыбына сәйкес «Мен ешқашан…» деген сөйлемді жалғастырып, өз жауаптарын стикерлерге жазып, «Адалдық қабырғасына» орналастыру ұсынылды.
Аталған акцияны өткізу оқушылардың бойында адалдық, әділдік қағидаларын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарасты дамытуға ықпал етеді.
