«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында әдеби кеш өтті

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай мектебімізде
«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
Әдеби кештің негізгі мақсаты –оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру,ақын поэзиясы арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру,
ана тіліне, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кеш барысында оқушылар мен ұстаздар ақынның жүрекке жетер лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқып,
ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.
Мұқағалидың поэзиясындағы отансүйгіштік, адамгершілік, махаббат, өмірге құштарлық тақырыптары кеңінен насихатталды.
Әдеби кеш қатысушыларға ерекше әсер қалдырып,
ақын шығармаларының мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Источник дополнительной информации