«Сүйікті кітап кейіпкерлері» тақырыбында театралдық қойылымы өтті

«Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы, «Балалар кітапханасы» жобасы және «Шабыт» шығармашылық жобасы аясында 3 «А», 3 «Б», 3 «В», 3 «Г» сыныптарында «Сүйікті кітап кейіпкерлері» тақырыбында театралдық қойылым өтті.
Жас актерлер көрермендерге жарқын образдар ұсынып, танымал шығармалардан үзінділерді сахналап, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті. Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға және көркемдік қабылдау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Театрландырылған қойылым мерекелік көңіл күй сыйлап, балалар мен қонақтарға жағымды эмоциялар тарту етті және мектеп өміріндегі маңызды оқиғаның біріне айналды.#біртұтас_тәрбие

Источник дополнительной информации