«Жас педагогтер мектебі»

«Жас педагогтер мектебі» шеңберінде еңбек өтілі 1–3 жыл аралығындағы педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, кәсіби шеберліктерін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында бастауыш сынып мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Ольга Анатольевна Капанова жас мамандарды өз сабағына шақырып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Сабақ барысында жас педагогтер тиімді оқыту әдіс-тәсілдерімен, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдарымен, сабақ құрылымын жүйелі ұйымдастыру және білім алушылармен нәтижелі жұмыс жүргізу тәсілдерімен танысты. Тәжірибелі ұстаздың сабағы жас мамандар үшін кәсіби дамуға бағытталған құнды тәжірибе алаңы болды.

Қосымша ақпарат көздері