«Жас педагогтер мектебі» аясында жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында математика және физика пәнінің мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Юрий Николаевич Гапонов 10-сыныпта алгебра пәнінен сабақ өткізіп, жас әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісті. Сабақ барысында педагог оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, математикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды. Сонымен қатар жас мамандар сабақ кезеңдерін жүйелі ұйымдастыру, оқушыларды белсенді оқу әрекетіне тарту және оқу мақсаттарына қол жеткізудің тиімді жолдарын бақылап, өздеріне қажетті әдістемелік тәжірибе жинақтады.



