Ұстаздар күнін мерекелеу аясында №1Бадамша мектебінде Өзін-өзі басқару күні өтті.

10–11 сынып оқушылары 2–9 сыныптарда сабақ өткізіп, бір күнге өздерін ұстаз рөлінде сынап көрді. Жоғары сынып оқушылары сабаққа жауапкершілікпен дайындалып, қызықты тапсырмалар мен түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өздерінің ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Оқушылар сабақтарға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Бұл күн жоғары сынып оқушылары үшін ұстаздық мамандықтың жауапкершілігі мен маңыздылығын сезінуге тамаша мүмкіндік болды.

Өзін-өзі басқару күні барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жарқын әсерлер қалдырды. Бәлкім, бүгінгі «жас ұстаздар» үшін бұл күн болашақ мамандықтарын таңдауға жасалған алғашқы қадам болар.

Барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге толағай табыс және білімді де тәрбиелі шәкірттер тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері