Отбасы күні аясындағы Денсаулық күні

10 қыркүйек күні Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында Отбасы күні аясында Денсаулық күні ұйымдастырылды.

Спорттық шараға мектеп әкімшілігі, жас педагогтер және 7–11 сынып оқушылары қатысты. Таңертеңгілік барша қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, сергектік пен жағымды эмоция сыйлаған жүгіруден басталды.

Жүгіруден кейін мектептің спорт нұсқаушылары қатысушыларға жалпы сауықтыру жаттығуларын өткізді. Оқушылар мен педагогтер жаттығуларды белсенді орындап, өздерінің ұйымшылдығы мен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті.

Осындай іс-шаралар оқушылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжымдық бірлікті нығайтуға ықпал етеді. Ал педагогтер мен оқушылардың бірге қатысуы бұл күнді ерекше әсерлі әрі есте қаларлықтай етті.

Денсаулық – қозғалыс, қуат және көтеріңкі көңіл-күй! Әр күнімізді белсенділікпен бастап, денсаулығымызға қамқор болайық! ?‍♀️?‍♂️?

Қосымша ақпарат көздері