Отбасы күні аясында «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының оқушылары «Сенім» Отбасын қолдау орталығына барып, «Отбасындағы үйлесім — қоғамдағы тұрақтылық» тақырыбында өткен іс-шараға қатысты.

? Кездесуге мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, орталық мамандары, ақсақалдар және шақырылған қонақтар қатысты.

? Кездесудің мақсаты — отбасылық құндылықтардың маңыздылығын арттыру, отбасы институтын нығайту, отбасылық қарым-қатынаста өзара түсіністік, сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында:
? тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша «Аққу» дағдарыс орталығының директоры Байменшина А.А.;
? ішкі саясат бөлімінің басшысы Айжарыков А.А.;
? ақсақалдар;
? мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа да шақырылған мамандар сөз сөйледі.

? Осындай кездесулер жас ұрпаққа отбасылық құндылықтардың, өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызын түсінуге мүмкіндік береді.

❤️ Берекелі отбасы — тұрақты әрі жарқын қоғамның негізі!

Қосымша ақпарат көздері