АҚПАРАТ

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-де Қамқоршылық кеңес мүшелері мектептің ата-аналар комитеті мүшелерімен «Сенім аймағы» атты ашық диалог алаңында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың қауіпсіздігі мен қолайлы білім алу ортасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.

Кездесу барысында оқушылардың білім сапасы, балалар қауіпсіздігі, жазғы демалыс туралы мектеп директоры Шаметова Р.К. мәлімдеме жасады. Пікірлер мен ұсыныстар тыңдалып, талқыланды.
Сонымен қатар, ата-аналар мектеп мұғалімдеріне білім беру мен тәрбие ісіндегі еңбектері үшін алғыстарын білдіріп, жұмыстарына табыс, шығармашылық жетістіктер тілеп, жылы лебіздерін жеткізді.

https://www.instagram.com/reel/DXtHXgXjF3J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

Қосымша ақпарат көздері