ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНА ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

2026 жыл 23 сәуір күні Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаілімі, Ж.Б.Базарбаеваның жетекшілімен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларға ұлттық құндылықты игерту арқылы оқу сауаттылығын дамыту»
атты облыстық шеберхананың
ІV ОТЫРЫСЫ
өтті. Облыстық шеберхананың теориялық бөлімінде мектеп директоры, Р.К. Шаметова “Оқу сауаттылығы-функционалдық білім негізі” тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, PISA,ББЖМ ерекшелігі мен маңыздылығын ортаға салса, Ж.Б.Базарбаева SWOT талдау жүргізді. Практикалық бөлімде Э.Е.Баенова сабақта қолданатын қызықты әрі ерекше әдістерін көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.А.А.Ұзақғалиев “Ақиқат пен аңыз” атты Ә.Нұршайықовтың шығармасы желісінде
талдау түрлерін көрсетті. Отырыс соңында Ж.Б. Базарбаева М.Әуезовтің “Көксерек” шығармасына байланысты пікірсайыс ұйымдастырып, “Білім шыңы” рефлексиясымен қорытындылады. 2025-2026 оқу жылында белсенділік танытып, өз тәжірибесімен бөліскен облыстық шеберхана мүшелері Ақтөбе облысының әдістемелік орталығы Алғыс хатымен марапатталып, қатысушыларға сертификат табысталды.

Қосымша ақпарат көздері