ЖАС ПЕДАГОГТЕР АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

2026 жылдың 17 сәуірі күні ЖАС ПЕДАГОГТЕР АПТАЛЫҒЫНЫҢ қорытындысы «Tea-time – педагогикалық кафе» форматында өткізілді. Кеш барысында апталыққа жан-жақты талдау жүргізіліп, кері байланыс орнатылып, өткізілген іс-шаралардың маңыздылығы атап өтілді. Апта бойы шаралар мен байқауларға қатысып, үлкен де маңызды жұмыс атқарған жас педагогтер мен ұйымдастырушылар алдағы уақытта кәсіби дамуға серпін алып, көңілді де қозғалмалы ойындар арқылы шаршағандарын басып, “Бүгінгі жас маман-ертеңгі бас маман” апталығын әдемі нотада аяқтады.

Қосымша ақпарат көздері