«Шығармашылық және тыныштық» арт-терапиясы

2026 жыл 16 сәуір күні мектеп психологі,  Ақмаржан Жандосқызы Тайжан жылы әрі еркін атмосферада “Шығармашылық пен тыныштық” тақырыбында арт-терапия ұйымдастырды. Шара барысында қатысушылар шығармашылық тапсырмалар орындап, өз ойлары мен сезімдерін сурет арқылы жеткізді. Арт-терапия ішкі күйзелісті жеңілдетіп, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Түрлі түстер мен бейнелер арқылы өз армандары мен мақсаттарын бейнелеп, шығармашылық жұмыстарын қорғады.

Қосымша ақпарат көздері