2026 жыл 14-15 сәуір аралығында жас педагогтер апталығы аясында “Жас ұстаз-жаңа идея” атты байқау ұйымдастырылды. Байқау шарты бойынша қатысушылар «Креативті сабақ» фрагментін көрсетіп, бір оқу жылында үйренген әдіс-тәсілдерін көрсетті. Шығармашылық кезеңде өздерін креативті түрде таныстырып, педагогикалық ұстанымын, алға қойған мақсаттарымен бөлісті. TEDx форматында білім саласына, мектеп қабырғасында ұйымдастыруға болатын «Тың идея» ұсынды. Байқау барысында жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздар анықталып, диплом және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының төрағасы Гульнара Сагидолловна Байменшина бағалы сыйлықтармен, Бас жүлде иегерін Бурабай курортына жолдамамен марапаттады:
Бас жүлде-Жанғазы Н.С.
✨ I орын -Карасаева Ж.А.
✨ II орын-Гусманова Д.Б.
✨ III орын-Елеусизова А.Ж.
✨ Номинация “Креативті ұстаз” Оразбай Ә.Б.
✨Номинация “Кәсіби шығармашыл ұстаз” Мұхатқалиева А.Е.
✨Жас мамандарымызды және олардың тәлімгерлерін жеңістерімен құттықтаймыз!



