2026 жыл 13 сәуір күні Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында «Бүгінгі жас маман – ертеңгі бас маман» тақырыбында Жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында мектеп директоры, Рита Кубайдуллиновна Шаметова жас мамандарға сәттілік тілеп, олардың білім беру саласындағы маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар апталық жоспары таныстырылып, қатысушыларға алдағы іс-шаралар туралы ақпарат берілді.Жас мамандар апталығы – жас педагогтердің кәсіби дамуына серпін беретін, тәжірибе жинақтап, жаңа идеялармен бөлісетін маңызды алаң болмақ. Апталық қатысушыларына шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз.

