2026 жылғы 4 қараша күні «Ашық сабақтар» кестесіне сәйкес 6 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Садыков Серик Бауржанович ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар «Жануарлар» тақырыбы бойынша жаңа сөздермен танысып, сөздік қорларын толықтырды. Түрлі қызықты тапсырмалар орындап, жаңа сөздерді сөйлеу барысында қолдануға машықтанды. Сабақта жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу, тыңдау және өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
АШЫҚ САБАҚ
