Бүгін, 2026 жыл 1 қыркүйек күні, Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында ұйымдастырылып, жаңа оқу жылындағы маңызды құндылықтарға — Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге, заңды сақтауға, азаматтық жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталды.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізуден және Мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды.

Салтанатты жиынның құрметті қонақтары, Қарғалы ауданының білім бөлімінің басшысы Жанат Сагитжановна Дуйсенова, педагогикалық еңбек ардагері Найля Сарсенгалиевна Кужакова, «Әділет» партиясының төрайымы Надежда Николаевна Заглядова, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп ұжымына толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі.
Мектеп директоры Рита Кубайдуллиновна Шаметова оқушылар мен педагогикалық ұжымды оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп ұжымына қосылған жас мамандарды таныстырды.
Жаңа оқу жылының басталуын білдіретін ерекше сәт — алғашқы қоңырау соғылып?, жиын соңында жаңа оқу жылындағы «ТАЗА САНА – ТАЗА ӘРЕКЕТ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!» атты басты ұстаным айшықталды.

Источник дополнительной информации