«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі»ММ

«№1 Бадамша орта мектебі» КММ «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы негізінде келесі лауазымдар бойынша КОНКУРС жариялайды:

-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 1 жүктеме (қазақ және орыс тілінде);

— директрдың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 1 жүктеме (қазақ және орыс тілінде);

-логопед 1 жүктеме  (қазақ және орыс тілінде);

-дефектолог 1 жүктеме (қазақ және орыс тілінде);

-педагог-психолог 1 жүктеме (қазақ және орыс тілінде);

-кітапханашы 1 жүктеме (қазақ және орыс тілінде).

Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Пацаев көшесі 2Г. Эл.поштасы: badam-sh1@mail.kz

 Телефон нөмері: 8-71(342)-72051

 Конкурс талаптары бойынша мектеп сайтының сілтемесіне өтіңіз: http:// badam-sh1.edu.kz

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05-13 қазан 2026 жыл (хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады).

 Құжаттарды қабылдайтын орын: «№1 Бадамша орта мектебі» КММ  І-қабат қабылдау бөлмесі.

  Конкурсқа қатысушылар хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей «Педагогті жұмысқа қабылдау» модуліне мынадай құжаттарды жүктейді:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадр есебі бойынша толтырылған жеке парақ (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып – болған жағдайда);

3) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері қосымшасымен бірге;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының барын растайтын куәлік (болған жағдайда) немесе «педагог» мәртебесін беру туралы бұйрық;

7) осы Қағидаларға 12 немесе 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос тұрған немесе уақытша бос тұрған педагог лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

8) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан (болған жағдайда) ұсыным хат.

Жеке басын куәландыратын, білімі туралы құжаттар, психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтамалар, наркологиялық науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтамалар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

Источник дополнительной информации