«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» қағидаты бойынша 7–11 сынып оқушылары арасында сыртқы келбетін, мектеп формасын сақтауын және оқу құралдарының болуын бақылау мақсатында рейд жүргізілді.
Рейдке ата-аналар комитетінің өкілі, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп президенті және әкімшілік қатысты.
Аталған іс-шара оқушылардың жауапкершілігін, тәртіптілігін қалыптастыруға және мектептің ішкі тәртібі белгіленген ережелерді сақтауға бағытталған.
