Волонтерлік акция

«Мейірімді аудан» жобасы, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Қамқор» жобасы аясында «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» оқушылары мен педагогтері қоғам өмірін жақсартуға және игі істерге ерікті түрде қатысуға бағытталған волонтерлік акцияға қатысты. Акция барысында қарт адамның ауласын қардан тазалауға көмек көрсетілді.

Аталған жобалардың мақсаты — халық арасында мейірімділік пен қайырымдылық мәдениетін тарату және дамыту, волонтерлік қызметті қолдау, сондай-ақ жастарды әлеуметтік маңызы бар бастамаларға тарту.

Сонымен қатар, мектеп Парламентінің «Қамқорлық» фракциясының мүшелері белсенді қатысып, қайырымдылық іс-шарасына өз үлестерін қосты.

#ИгіістерМарафоны2026
#МарафонДобрыхДел2026
#мейірімдіаудан

Источник дополнительной информации