Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы “Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы” КММ-де 19 қаңтар күні “Заң және тәртіп” құндылығы аясында “Жасөспірім және заң” атты облыстық профилактикалық онкүндігі шеңберінде “Заң және тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі” тақырыбында 10–11 сыныптар арасында дебаттық турнир өтті.
Дебаттық турнирдің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін күшейту және өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын дамыту болды.
Турнирге 10–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, «Заң үстемдігі – әділетті қоғам кепілі», «Қоғамдық тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті», «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары» сынды өзекті тақырыптар бойынша пікірталас жүргізді. Қатысушылар заң талаптарын сақтау қоғам тұрақтылығының негізгі тірегі екендігін нақты мысалдар мен дәйектер арқылы дәлелдей білді.
Сонымен қатар, турнирге мектеп парламентінің «Дебаттық қозғалыс» фракциясының мүшелері белсенді қатысып, жоғары деңгейде ойын көрсетіп, өз позицияларын сенімді қорғады.
