«Адал ұрпақ»

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында 2026 жылғы 15 қаңтар күні «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-де «Адалдық және әділдік» тақырыбында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерінің қатысуымен «Адалдық сағаттары» өтті.

Шараның мақсаты – білім алушылардың бойында адалдық, әділдік, заңға құрмет, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту болды.

«Адалдық сағаттары» барысында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері адалдық пен әділдік ұғымдарының мәні мен маңызын түсіндіріп, өмірден алынған мысалдар арқылы өз ойларымен бөлісті.

Аталған іс-шараға мектеп парламентінің президенті Нечаев Артур да қатысып, өз пікірін білдіріп, жастарды адалдық пен әділдікке үндеді.

Источник дополнительной информации