«Тірек мектеп пен магниттік мектеп арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында тәжірибе алмасу алаңы өтті

Ақтөбе облысының білім басқармасының тапсырмасы негізінде білім сапасын жақсарту, тиімді оқыту әдістемелерін үйрету мақсатында 2025 жылдың 07 қарашасы күні  тірек және оған бекітілген шағын жинақты мектеп мұғалімдері үшін шара ұйымдастырылды. Шара барысында тірек мектебі ретінде Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының мұғалімдері:

-Светлана Николаевна Жусупова математика пәнінен;

-Мурзагул Сахипкиреевич Сагимбаев Қазақстан тарихы пәнінен;

-Динара Талгатовна Шанаева ағылшын тілі пәнінен;

-Мария ХаджимураткызыУтешева химия пәнінен;

-Оксана Олеговна Абдуллина орыс әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізіп, өз тәжірибелерімен алмасты. НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ мұғалімдері шебер-сынып ұйымдастыру арқылы математика, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, химия және орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша әдістемелік көмек көрсетті.

Источник дополнительной информации