Аудан көлемінде ашылған шеберхана отырыстары өтті

2025 жыл 30 қазан күні Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Гулназ Нурлановна Мухамеджанова аудан көлемінде шығармашылық шеберхана жетекшісі ретінде офлайн отырыс өткізді. Шеберхана отырысы барысында қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық әдістерді тиімді қолдану жолдарын талқылады. Педагогтер білім беру процесінде креативті ортаны қалыптастырудың маңызына тоқталып, жасанды интеллектті оқу үрдісіне енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырды. Жас маман, Арайлым Нурлановна Байтөре «Жасанды интеллекттің білім жүйесіне ықпалы: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында баяндама оқып, қатысушылармен пікір сайыс өткізді. Жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, алдағы іс-шаралардың бағыттары айқындалды.

Источник дополнительной информации