Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ бракераждық комиссия асхананың жұмысын кезекті рет тексеріп, бақылау жүргізді.
Тексеру барысында ас мәзіріндегі тағамдардың сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, асхананың тазалығы мен жалпы ахуалы жан-жақты қаралды.
🔍Бракераждық комиссияның басты міндеттері:
• Оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасын тексеру;
• Тағамдардың құрамы мен энергетикалық құндылығының бекітілген мәзірге сәйкестігін бақылау;
• Санитарлық-гигиеналық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету;
• Оқушыларға қауіпсіз, таза әрі жайлы тамақтану жағдайын қалыптастыру.
✅Тексеру қорытындысы бойынша: мектеп асханасының жұмысы барлық талаптарға сай деп бағаланды.
👧👶Мектеп оқушыларының дұрыс әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында үнемі қолдау көрсетіп, қадағалау жұмыстарына тікелей атсалысып жүрген мектеп директоры, бракераждық комиссия мүшесі — Нурия Есболгановнаға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Оқушылардың денсаулығы мен тамақтану сапасы — біздің басты назарымызда. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
