Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні “1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі” күні мерекесі қарсаңында “Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы” оқушылар мен мұғалімдер арасындағы достықты, өзара түсіністікті және бірлікті нығайту мақсатында “Бірлік жарысы” атты спорттық марафон өтті.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі мен педагогикалық құрам және 7 “А” , 7 “Б” сыныптарының оқушылары қатысты. Барлық қатысушылар бұл шараға үлкен ынтамен қатысып, тек физикалық дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар командалық рухты, бір-біріне деген құрмет пен Отанға деген сүйіспеншілікті де көрсетті.#БірліккүніменАқтөбе2025
#БірлікҚХААқтөбе2025
#ОтанқорғаушыкүніменАқтөбе2025
#ЖеңіскүніменАқтөбе2025
