«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі»ММ «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-не педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелді талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз.
- Қазақ тілінде оқытатын бастауыш сыныбының мұғалімі -1 жүктеме;
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі(өзге ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті) -2 жүктеме;
- Информатика пәнінің мұғалімі (қазақ және орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін)-1жүктеме;
- Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі -1 жүктеме;
- География пәнінің мұғалімі (орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін) -1 жүктеме;
- Химия пәнінің мұғалімі (орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін)-1 жүктеме;
- Математика пәнінің мұғалімі ( орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін)-1 жүктеме;
- аға тәлімгер – 1 жүктеме
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Пацаев көшесі 2Г. Эл.поштасы: badam-sh1@mail.ru
Телефон нөмері: 8-713-42-72046, 8-713-42-72051
Конкурс талаптары бойынша мектеп сайтының сілтемесіне өтіңіз: http:// badam-sh1.edu.kz
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05-13 тамыз 2025 жыл (хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Құжаттарды қабылдайтын орын: «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы»КММ І-қабат қабылдау бөлмесі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (30.04.2025ж №98 бұйрығы толықтырулар мен өзгерістермен) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64, 66 тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды ескеру қажет.
Конкурсқа қатысушылар хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.