Мектебімізде облыстық семинар өтті

2025 жыл 31 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарғалы ауданы,  Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында «Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Бұл шараға 40-қа жуық бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Семинар-практикум барысында тәжірибе алмасу бөлімі бойынша 2,3 сыныптарда практикалық сабақтар көрсетіліп, әдістемелік тұрғыда «Жасанды интеллект және білім беру», «Развитие навыков чтения с использованием элементов скорочтения в начальной школе», «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша бастауыш сынып ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыптарында теориялық  мәліметтер берілді. «Жобалар жәрмеңкесі»   ғылыми жұмыстар мен жобалар фестивалі аясында оқушылар өз жобаларын қорғап, жеткен жетістіктерімен бөлісті.

Источник дополнительной информации