Сайлауға 7–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Бұл шара оқушылардың мектептегі демократиялық үрдістерге қатысуына мүмкіндік берді.
Мектептің өзін-өзі басқару Президенті лауазымына 9 үміткер ұсынылды. Барлық кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған идеяларын ортаға салды. Олар жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін көрсете білді.
🗳 Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинап, 8 «А» сынып оқушысы Нечаев Артур жеңіске жетті.
🎉 Артурды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оған алдағы мектепішілік жұмыстарға табыс пен батыл шешімдер тілей отырып, атқарылған әрбір жұмыстан оң нәтиже шығарады деп сенеміз.
Сондай-ақ, сайлауға қатысқан барлық үміткерлерге алғысымызды білдіреміз. Оқушылардың белсенділігі – мектептегі өзін-өзі басқарудың дамуына үлкен үлес.
Жаңа Президентпен бірге жаңа идеялар мен жетістіктерге жол ашық болсын!
