Ағымдағы жылдың 2 қараша күні жасөспірімдер арасындағы қылмыс…

Ағымдағы жылдың 2 қараша күні жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп жанынан құрылған “Тәртіп сақшылары” тобы мүшелері,жетекшісі М.Д. Есеркепов пен Қарғалы ауданының жергілікті учаскелік инспекторы полиция лейтенанты А.С. Мукатов кешкі рейд жұмысын жүргізді. Рейд кезінде мектеп маңында орналасқан дүкендерді аралап, кәмелет жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және табак өнімдерін сату бойынша фактілері анықталған жағдайда заң талаптарына сәйкес айыппұл және басқа да әкімшілік шаралар қолданылатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын тауып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізіліп отырады.

Источник дополнительной информации