«Мектеп кубогы»

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданында, «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» базасында мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар арасында «Мектеп кубогы» атты спартакиаданың жетінші күні өтуде. Жетінші күні футбол бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Бұл нағыз тартысты әрі әсерлі сайыс болды: жанкүйерлер өз командаларын белсенді қолдап, ұрандар айтып, қошемет көрсетті. Алаңда спорттық рух, достық және салауатты бәсекелестік атмосферасы қалыптасты. Әр команда өз мүмкіндіктерін барынша көрсетуге тырысты, ал әсерлі эмоциялар қатысушылар мен көрермендер үшін есте қаларлық болды.

Мектеп парламентінің «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясының мүшелері мектеп спартакиадасына белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті!

Біздің оқушылар парламент атынан лайықты өнер көрсетіп қана қоймай, жүлделі орындарға ие болып, ұйымшылдықтарын, жігерліліктерін және нағыз командалық рухтарын дәлелдеді.

Источник дополнительной информации