Облыс көлемінде ашылған шеберхана отырыстары өтті

2025 жылы 31 қазан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бұйрығымен бекітілген жоспары негізінде Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Жанаргуль Бахыткалиевна Базарбаеваның «Ұлттық құндылықты игерту арқылы оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберханасының алғашқы отырысы өтті.
Шеберханаға облыс мектептерінің мұғалімдері қатысып, ұлттық құндылықтарды игерту арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын жетілдіруде әдіс-тәсілдерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.

Источник дополнительной информации