Ағымдағы жылдың 30 қазаны күні мектебімізде жоспарлы аудандық шығармашылық шеберхана отырысы ұйымдастырылды. Шеберхана барысында мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі,Айгерим Амангалиевна Калмагамбетова “Ойын әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ұлттық құндылықтарды дамыту” тақырыбында өз іс-тәжірбиесімен бөлісті. Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін ұлттық құндылықтар негізінде дамыта отырып, балалардың бойында танымдық,әлеуметтік дағдыларды жетілдіру. Ойын арқылы Отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Аудан көлемінде ашылған шеберхана отырыстары өтті
