2025 жыл 12 қыркүйек күні жас педагогтердің кәсіби жолының басында қолдау көрсету, құзыреттерін дамыту және педагогикалық тәжірибенің үздіксіздігін қамтамасыз
ету үшін олардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру мақсатында “Жас педагогтер мектебі” өз жұмысын бастады. Кәсіптік қызметке алғаш рет кіріскен және еңбек өтілі 3 жылға толмаған жас мамандарға мектебіміздің тәжірибелі педагогтері нормативтік құжаттармен дұрыс жұмыстану, сабақ құрылымы мен ерекшеліктері бойынша ақпарат беріп, әдістемелік көмек көрсетті.


