Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Қарғалы ауданданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры О.Н.Барбусинов, 8-11 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жасөспірімдер арасында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың аналогтарының заңсыз айналымының, сондай-ақ оларды тұтынудың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында полиция қызметкері жасөспірімдерге есірткі заттарын пайдаланудың адам денсаулығына және болашағына тигізетін зияны жайлы айтып, нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, ҚР заңнамасында көрсетілген жауапкершілік түрлері түсіндіріліп, балалардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігі жайлы айтылды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізілетін болады.