2025 жыл 13 мамыр күні “Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы” КММ-де Қамқоршылық кеңесі мүшелері мектептің ата-аналар комитеті мүшелерімен “Диалог на равных” атты ашық диалог алаңында кездесу өткізді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланыс пен серіктестікті нығайту, білім беру сапасын арттыру жолындағы ұсыныстар мен пікірлерді ортаға салып, ашық түрде талқылау жүргізу. Сонымен қатар, білім беру ұйымының тәрбие және оқу-тәрбие процесіне ата-аналарды кеңінен тарту, мектептің алдағы даму жоспарларымен таныстыру, өзекті мәселелерді бірлесе шешу жолдарын қарастыру – диалогтың басты міндеттерінің бірі ретінде қарастырылды.



