АҚПАРАТ

2025 жылы 25 сәуір күні 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен   9 мамыр – Жеңіс күні мерекелерін атап өту аясында, кәсіби бағдар беру жұмыстары мен «Еңбегі адал — жас өрен» жобасы шеңберінде Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының оқушылары Т. Ж. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Ақтөбе әскери институтына барды.
Экскурсия барысында оқушылар еліміздегі беделді әскери оқу орындарының бірімен танысып, әскери мамандықтың ерекшеліктері туралы білді, оқу техникасы мен жабдықтарын көрді. Мұндай шаралар оқушылардың патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін қалыптастырып, әскери қызметке қызығушылықтарын арттырды.

https://www.instagram.com/reel/DI4DQDytnbQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Источник дополнительной информации