«Алтын жүрек» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

2025 жылдың 24 ақпанында 1 наурыз – Алғыс айту күнін мерекелеу аясында “Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы” КММ-нде Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Алтын жүрек» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге оқушылар, ата-аналар және ұстаздар қатысты. Бастауыш сынып оқушылары әртүрлі ұн тағамдарынан дайындалған өнімдерді, пирог, печенье, тоқаш және басқа да тәттілерді сатты. Жыл сайын өтетін «Алтын жүрек» жәрмеңкесі-оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың күш-жігерін игі мақсатта біріктіруге болатынының айқын дәлелі.

Источник дополнительной информации