Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні “Заң және тәртіп”жоспарына сәйкес “Тәртіпті өзіңнен баста!” атты ұранымен Қарғалы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Сидакин М.Б мен Қарғалы ауданының ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Икласов Б.А. және Қарғалы ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Кужашев А. М. жасөспірімдердің құқықтарымен тәртіптері жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылық және қылмыс белгілерімен,түрлерімен таныстыру,жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға,құқықтарын білуге тәрбиелеу.