2024-2025 оқу жылының I және II жартыжылдығы бойынша әр мұғалім бір-бір ашық сабақтан өткізіп отырады. Ашық сабақтар кестесі мектеп директорымен бекітіліп, ақпараттық стендке ілінеді. Ашық сабақтарға пән мұғалімдері, әсіресе жас мұғалімдер қатыстырылып, мұғалімнің сабағына және өз сабағына анализ жүргізіледі.



