2024 жыл 31 қазан күні Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында “Инклюзивное образование, учащиеся с особыми потребностями и процессы перехода” тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында Юлия Ивановна Федь ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс және оның классификациясы жөнінде өз тәжірибесімен бөлісіп, семинарға қатысушылармен мастер-класс өткізді. Мектеп логопеді Анна Владимировна Кузьмина аталған тақырып төңірегінде жұмыстанатын қажетті құжаттарға тоқталып, оларды дұрыс жүргізудің жолдарын көрсетті. Мектеп жанындағы балабақша әдіскері Гульмира Жуваткановна Михраева балабақша жұмысы жөнінде сөз қозғап, балаларының жас ерекшеліктеріне сай таңдалатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Мектеп психологтары, Ақмаржан Жандосқызы Тайжан мен Наталья Сергеевна Ивахова заманауи тренинг, кері байланыс түрлерін көрсетті. Өз тәжірибесімен бөліскен педагогтерге және барлық қатысушыларға аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хаты мен сертификаты табысталды.