Буллинг – агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан
Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг. Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда.
Қоғамда буллинг шамадан тыс даралану, бәсекелестіктің өсуі, күнделікті өмірдегі әлеуметтік шиеленіс, өзара жанжалды қарым-қатынасқа байланысты анықталады. Аталған тенденциялар білім беру жүйесінде де жиі кездеседі. Қазір Қазақстан мектептерінде жасөспірімдер арасында болып жатқан қорқыту мен зорлық-зомбылықтар педагогтер мен ата-аналар, құқық қорғау органдарын алаңдатуымен қатар, депутаттар арасында айтылып, дабыл қағу басталды. Осыған орай әлеуметтік жүйедегі жасөспірімдер жиі қолданатын Tik-Tokқа тиым салуда ұсынылуда. Әлеуметтік жүйелерді қолдануға тиым салу жасөспірімдер арасында орын алып жатқан қайғылы жағдайларды тоқтататын, тиімді шешім деп айтуға болмайды. Себебі көп жағдайда буллинкке ұшыраған оқушыда, ата-аналарда, сонымен қатар буллинг болған мектепте өз беделі мен абройын ойлап, бұндай оқиғаны жасырып қалуға тырысады. Сондықтан әлеуметтік жүйе болмаса қазір халқымыздың арасында көпшілікке таралып, қызу талқыланып, наразылық танытып, шешімін табуды талап етіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жантүршігерлік буллинг жасырын қалып, өз жалғасын таба беруі де мүмкін еді
Мектепте бір оқушының екінші оқушыға зорлық-зомбылық жасап, қорқытуының жанжалдасудан айырмашылығы, олар қайталанатын, жүйелі әрекеттер. Оқушылардың жас және мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты өзара келіспей қалуы, тіпті төбелесуі жиі кездесіп отыратын қалыпты құбылыс. Дегенмен мақсатты түрде буллинг жасау жасөспірімнің мінез-құлғындағы ауытқушылықты білдіреді. Осыған орай мектеп оқушыларының арасында қорқыту мен зорлық-зомбылықты ғылыми тұрғыда тұңғыш зерттеп, буллинг (қорқыту) – ұғымын 1993 жылы қолданысқа енгізген норвегиялық профессор, психолог Дэн Ольвеус.
Д. Ольвеус буллингті «әлеуметтік биліктің немесе физикалық күштің теңсіздігін қамтитын қасақана жүйелі түрде қайталанатын агрессивті мінез-құлық» [1] деп анықтады. Демек мектепте оқушылар арасында буллинг күш теңсіздігіне орай мақсатты, жоспарлы және жүйелі болып отырады. Оқушылар арасындағы күш теңсіздігігін төмендегідей бөліп қарастырылады:
— физикалық (біреу күшті, біреу әлсіз);
— мәртебелік (біреуі танымал, беделді, біреуі беделі жоқ, «мен» әлеуеті төмен);
— әлеуметтік (біреу бай, ауқытты, біреу кедей, тұрмысы төмен);
— психологиялық (біреу өктем, бұзық, көшбасшылығы басым, біреу жуас, момын, қорқақ).
Буллинг мақсаты – қорқыту нысанасына әртүрлі формада үрей тудыру, оны өзіне бағындыру болып табылады.










